USD
USD
USD

Теннисші Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Теннисші Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Вивиан Хайзер - мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда германиялық-мажарстандық жұп 6:4 есебімен басым болды. Екінші сетте Анна мен Беатрис брейкпен 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры сол басымдылығын сақтай алды - 7:5. Супер тай-брейкте де олар 4:0 есебімен алға шықты. Ойын соңында әлденеше матчболды пайдалана алмағанымен, 10:8 есебімен жеңіспен тәмамдады. 1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде қарсыластар қос-қостан брейк жасады.

Осылайша Анна Данилина жұптық сында спорттық жолында алғаш рет WTA 500 жарысының чемпионы атанды. Енді ол Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.