USD
USD
USD

Теннисші Сандуғаш Кенжебаева Мысырдағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Сандуғаш Кенжебаева
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге ширек финалда ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардаваны жолдан тайдырды.

Қазақстандық-чехиялық дуэт 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

С.Кенжебаева – И.Себестова финалға шығу үшін нидерландылықтар Лус Эбелинг Конинг – Сара Ван Эмстпен шеберлік таластырады.

Осы жарыста өнер көрсеткен Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова ширек финалда ресейліктер Софья Гапанькова мен Ксения Ершке жол берді – 5:7, 2:6.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 332-орындағы Жібек Құламбаева Лозадағы (Португалия) ITF W35 турнирінің екінші айналымында әлемнің 274-ракеткасы, аустралиялық Тина Смиттен (4:6, 1:6) жеңіліс тауып, ширек финалдан тыс қалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе