USD
USD
USD

Теннисші Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-та (Нью-Йорк) өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Елена Рыбакина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық спортшы Чехиядан барған 18 жастағы Тереза Валентованы екі сетте 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Келесі кезеңде Рыбакина 2021 жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев