USD
USD
USD

Теннисші Анна Данилина Брисбен турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Анна Данилина
Фото: КТФ

Алматы, NEGE. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева жұбы жаңа маусымдағы бастапқы кездесуін испаниялық Кристина Букша – ресейлік Яна Сизиковамен өткізді.

Бірінші партияны қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3 есебімен бітірді. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте олар брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында А.Данилина – И.Хромачева 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есептеріне жазды. К.Букша – Я.Сизикова 1 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма – Эри Ходзумимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 113-орында тұрған Михаил Кукушкин жекелей сында Брисбен ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 48-ракеткасы, 19 жастағы чехиялық Якуб Меншикке жол берді – 6:7 (3:7), 4:6.

М.Кукушкин негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy