USD
USD
USD

Теннис: Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Алматыда өтеді

Алматыда 28 наурыз – 2 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтеді.

Теннис: Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі Алматыда өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, «Эйс» теннис орталығында өтетін додаға еліміз өңірлерінен 100-дей спортшы қатысады.

Жекелей сында негізгі додаға қыздар мен ұлдар арасында 24 ойыншыдан бірден өтеді. Іріктеу сайысынан өткендер төрт жолдамаға ие болады.

Оған қоса ұйымдастырушылар тарапынан арнайы шақырту (wild card) алғандар бақ сынайды. Жұптық сында негізгі жарысқа 13 жұп бірден өтсе, тағы үш дуэт арнайы шақыртумен қатысады.

«Теннис федерациясы ел аумағындағы ең беделді турнирлердің бірі болғандықтан, жасөспірімдер додасына ерекше мән беріп отыр. Алтын жүлде иегерлері ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болады. Сонымен қатар үздік шыққандар Шымкентте сәуірде өтетін ITF World Tennis Tour M15 және W15 жарыстарына арнайы шақырту алады», – деді Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Дэйв Майли.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған