USD
USD
USD

Теннис: Денис Евсеев финалға шықты

Қазақстандық Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге жұптық сында Анталиядағы (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты.

Теннис: Денис Евсеев финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген Евсеев пен Орлов жартылай финалда франциялық Максим Хаму мен түркиялық Туна Алтунамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңіске жетті.

Д.Евсеев пен В.Орлов финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоло немесе латвиялық Даниэл Морозов пен Илья Снитари жұптарының қай жеңгенімен кортқа шығады.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталған жарыс қоры – 15 мың АҚШ доллары.

Қазақстандық-украиналық жұп бастапқы кездесуінде түркиялықтар Мерт Оздемир мен Берк Илкелді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ал ширек финалда тағы да түркиялықтар Мерт Алкай мен Баран Ченгизді 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі

Астанада интернет-дүкен арқылы каннабис шайыры қосылған печенье сатылған

Есірткі қосылған печенье

Қытайдан шыққан жүк Қазақстанда неге жоғалады?

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс