USD
USD
USD

Теннис: Александр Бублик Роттердам турнирінде ұтылып қалды

  Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады. 

Теннис: Александр Бублик Роттердам турнирінде ұтылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш мәрте чемпионы, қазір рейтингте 95-орында тұрған ұлыбританиялық Энди Марреймен шеберлік байқасты. Ұлыбританиялық теннисші тартысты матчта 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті. А.Бублик 1 сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Маррей 10 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Э.Маррей ширек финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен таласады. А.Бублик өткен аптада финалда әлемнің 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті ұтып, Монпелье ATP турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл жолы жүлде қоры 1,2 млн еуродан асатын Роттердам жарысының алғашқы айналымынан аса алмады.  

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ