USD
USD
USD

Теннис: Заңғар Нұрланұлы финалға шықты

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы жұптық сында Португалияның Майа қаласында 14 жасқа дейінгілер супер санатты Tennis Europe турнирінің финалына шықты. 

Теннис:  Заңғар Нұрланұлы финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар словениялық Зиго Шешкомен бірге жартылай финалда ресейлік Савва Рыбакин – түркиялық Мұстафа Егемен кездесті.

Қазақстандық-словениялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді З.Нұрланұлы мен З.Шешко шешуші ойында германиялықтар Диего Паломеро – Нильс Макдонольдпен бас жүлдені сарапқа салады.

Бұл 13 жастағы қазақстандық үшін жұптық сындағы алтыншы финал болмақ. Биыл Заңғар 13 ойынды қатарынан ұтты. Оның жекелей сындағы жеңісті жолы осы жарыста үзілді. Заңғар үшінші айналымда Румыния өкіліне 6:7 (2:7), 2:6 есебімен жол берді.

2022 жылы Франция мен Словакиядағы беделді додалардың жеңімпазы атанған Алматы қаласының түлегі Tennis Europe чемпиондық кестесінде бұрынғыша көш бастап келеді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ