23 Ақпан 15:41
...

«Теңізшевройл» өткен жылдың нәтижелерін жариялады

Фото:

Бүгін Алматыда «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон журналистермен кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Өткен жылы ТШО 26,6 млн тонна шикі мұнай өндіріпті. Ал 1993 жылы негізі қаланғалы бері 500 млн тонна (4 млрд баррель) мұнай өндірген. Бұл – елеулі меже.

Бас директор Кевин Лайонның айтуынша, ТШО жаһандық пандемия жағдайында өз қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына баса назар аударып, 2021 жылдың соңына қарай вакцина алғандардың қатарын 99 пайызға жеткізген. Сондай-ақ өткен жылы ТШО Қазақстан бюджетіне 9 млрд АҚШ долларынан астам тікелей төлем аударып, ұлттық экономикаға мол үлес қосыпты.

«1993 жылдан бері ТШО Қазақстанға 162 млрд АҚШ долларынан астам тікелей қаржылық төлем жасады, оның ішінде 40 млрд доллардан астам қаржы жергілікті өндірушілердің тауаврлары мен қызметтерін сатып алуға жұмсалды. Компания отандық тауарлар мен қызметтердің республикадағы ірі сатып алушысы саналады. Өткен жылдың соңында Қазақстанның ТШО штатындағы азаматтарының үлесі 94 пайызға жетті. 1993 дылы бұл көрсеткіш 50 пайыз болатын», – дейді Кевин Лайон.

Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның бірнеше өңірінде болған наразылық акцияларының соңы бүлікке ұласқаны белгілі. Осыған қатысты сұраққа К.Лайон: «ТШО зардап шеккен жоқ», – деп жауап берді.   

Тегтер: