13 Сәуір 09:48
...

«Теңізшевройл» Атырау облысын жарқыратпақ

Фото:

«Теңізшевройл» ЖШС елдің әлеуметтік әлеуетін көтеруге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, бесінші жыл қатарынан «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы Атырау облысының мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларға қаржы бөлінді. 

2020 жылдың басында «Жарқыраның» үйлестірушілері Атырау қаласы мен Атырау облысының жеті ауданының тұрғындарына әлеуметтік кәсіпкерліктің мүмкіндігін таныстыру мақсатында арнайы семинар өткізді. Осыдан кейін «Жарқыра» байқауына 112 өтініш келіп түсті. Атырау қаласынан 6 және Махамбет ауданынан шыққан 1 жоба финалға шығып, кәсіпкерлерге 17 860 000 теңге көлемінде пайызсыз несие мен грант берілді.

 

Осылайша, 2020 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры ұйымдастырған «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде халықтық қолөнер, медицина, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған балабақша және спорт қызметі, бұрын сотталғандарды оңалту және жұмыспен қамту, сондай-ақ, балаларды дамыту салаларында әлеуметтік кәсіптер ашылды.

Орталық Азияның Еуразия қорының өкілдері Ринат Темірбеков пен Айгүл Тағатова Атырау облысында жүргізілген осындай іс-шаралар нәтижесінде жиналған тәжірибені Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң жобасын әзірлеу барысында кеңінен қолданып, ҚР Сенатындағы сарапшылар тобының жұмысына қатысты.

Қордың «Қоғамдық кеңістіктер» жобасының үйлестірушілері ауыл тұрғындарына ақысыз құрылыс материалдары мен жабдықтарын ұсынып, ашық спорт алаңдарын, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды өз бетінше жабдықтауды үйретті. Жобаға 171 ерікті қатысып, жыл соңына дейін 14 шағын жобаны жүзеге асырды.

Жылыой аймағындағы 5 ауылдың 5500-ден астам тұрғыны жоба бенефициарлары болды.

ТШО-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған осы жобаның өңір халқына берері көп.

Былтыр Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашылған алғашқы «Дос» оқу орталығы талай адамға жұмыс тауып берді. Індет өршіген тұста олар бетперде тігіп, табыс тапты. Бұл бастама да «Теңізшевройл» ЖШС-нің игілікті шаруасы.

Өткен еріктілер жылында «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымы) әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру арқылы бірден бірнеше бағытта жұмыс істеді. Мәселен, Атырау мен Құлсары қалаларында «Ынтымақ» еріктілерінің қолдауымен облыстың мектеп оқушылары мен студенттеріне арналған 119 ағылшын тілі клубы және 27 еріктінің қатысуымен 23 қонақ дәрістері ұйымдастырылды.

Құлсарыда «Ынтымақ» ұйымы белсенділерінің қатысуымен  қолөнер үйірмесі, 20 жұмыссыз әйелге кондитерлік шеберлік сабақтары өткізілді. 2020 жылдың мамырында еріктілер мұқтаж жандарға Атырау қаласында 960 және Жылыой ауданында 144 азық-түлік себетін таратты.

Бұдан бөлек ТШО-ның қаржылық қолдауымен психологтар мен мұғалімдер Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы бірнеше мектепте оқушыларының тұлғалық құрылымдарын, олардың жеке әлеуетінің дамуын және өмірге қажетті дағдыларын зерттеді. Жасөспірімдерге өзін-өзі және психо-эмоционалдық жағдайды түсіну дағдыларына үйрету, сондай-ақ ата-аналардың балалардың өмірлік стратегияларын құру және қоғам үшін болашақ маман тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру өте маңызды болды.

18 жасқа дейінгі балалар арасында жылдан-жылға көбейіп бара жатқан туберкулез дертінің мәселесі де аса маңызды. Атырау қаласы мен Жылыой ауданында балалар мен жасөспірімдер арасындағы осы дерттің алдын алуға бағытталған денсаулық сақтау қоры «Люди – Людям» (Project Hope) жобасын «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландырған.

Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС Маңғыстау облысында да бірқатар әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетті. Бұл туралы келесі мақалада сөз етеміз.

Тегтер: