6 Қараша 16:00
...

Теңіздегі Келешек жобасы тез кеңейіп келеді

Фото:

Теңізге Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының соңғы модулі аман-есен жетті. 3 жылда барлығы 408 модуль келді.

Осымен маңызды 3 жылдық тасымалдау бағдарламасы аяқталды деп хабарлайды, ТШО баспасөз-қызметі. Жұмыс жоспарға сай жүргендіктен, енді модульдерді Теңізде орнату және құрылыс жұмыстарын уақытында жүргізуге барлық мүмкіндік бар. 

ТШО "Келешек" кен орнын кеңейтумен қатар, Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын іске асырып келеді. Екі жобаны біріктіру Теңіз кен орнындағы мұнай өндіруді кәдімгідей арттыруға мүмкіндік береді. Келешекті кеңейту өндіріс қуаттылығын арттырады, ал ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты желідегі қысымды күшейтудің арқасында Теңіздегі зауыттар толыққанды жұмысын жалғастыра алады.

Фото: Теңізшевройл

“Теңіз тасымалының аяқталуы –  қазақстандық компаниялардың теңіз логистикасы мен металл конструкцияларын өндіру саласындағы құзыретін көрсететін орасан зор жетістік болды", - дейді, ТШО бас директоры Имер Боннер. "Нарықтық шарттардың күрделілігіне, пандемияға және теңіз логистикасы операцияларының ғаламдық ауқымына қарамастан, біз серіктестеріміз бен Қазақстан Республикасының үміттерін ақтағанымызға қуаныштымыз".

"Біз жобаның сәтті дамуы мен аяқталуы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті атқарушы органдармен және іскер  серіктестерімізбен жемісті ынтымақтастықты жалғастырамыз деген үміттеміз”

ТШО осы екі жоба аясында қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 10,3 миллиардтан астам  АҚШ долларын  жұмсады.  Аталмыш жобада шамамен 91% қазақстандықтар жұмыс істеуде.

ТШО инженерлік, материалдық-техникалық және өндірістік қызметтерді көрсетуге қазақстандық компанияларды жұмылдырып отыр. Мысалы, 2350-ден астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеліп алынды, олардың 1281-і алдын-ала біліктіліктен өтті, нәтижесінде қазақстандық компаниялармен 630-дан астам келісімшарттар жасалды

Тегтер: