USD
USD
USD

Теңіз кенішінің жұмысшылары жаппай вирус жұқтырған

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Теңіз кенішінің жұмысшылары жаппай вирус жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, соңғы тәуліктерде қауіпті індетке шалдыққандардың дені Теңіз кені жұмысшыларының арасынан анықталған.

«Олар коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингілік тексеріс кезінде белгілі болған. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР-сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауландырылады», - деді Әсел Мұқаева.

Басқарма өкілі карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Науқастың жағдайы ауыр болса инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес