USD
USD
USD

Теңіз кенішінің 15 жұмысшысынан коронавирус анықталды

Атырау облысындағы Теңіз кенішінің 15 жұмысшысынан коронавирус табылды.

Теңіз кенішінің 15 жұмысшысынан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, 2 мамырда таңертең Жылыой ауданында орналасқан кен орнының 15 жұмысшысынан қауіпті індеттің белгісі анықталған. «Науқастардың арасында 10 ер адам (33, 43, 28, 26, 53, 27, 26, 50, 30, 45 жастағы) мен 49, 42, 30, 48, 41 жастағы 5 әйел бар. Олар Теңіз кенішінде мердігер және қосалқы мердігер компанияларында жұмыс істеген. Бәрі де осы кезге дейін коронавирус жұқтырған науқастармен байланыс жасағаны үшін карантиндік стационарда болды. Олардан зертханалық анализ алынып, ПТР тестілеудің диагностикалық зерттеуі нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды», - деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, ем қабылдап жатыр. Олармен байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Қауіпті індет ошақтарында дезинфекциялық жұмыс жүргізілуде. Бүгін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 161-ге жетті. Оның 97-сі Теңіз кен орнының жұмысшысы. Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналды шығару басталған болатын. 30 сәуірде Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталған еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы