«Теңіз» кен орнының экологиясы жақсы сақталып отыр
Теңіз кен орнында күн сайын қалдықтардың 60-қа жуық түрі шығарылса, олардың 35 түрі қайта өңдеуден өтуде. Бұл туралы ТШОның баспасөз-қызметі хабарлайды.
Қалдықтарды ТШО өз күшімен немесе басқа да ұйымдарды тарта отырып кәдеге жарататын болған. 2015 жылдан бері 500 мың тонна қалдық қайта өңделді. Теңіз кенішіндегі экологтар қалдықтарды басқарудың бірыңғай жүйесін енгізіп, мұнда қалдықтардың пайда болуын азайтуға, қайта өңдеуге және қайта пайдалануға бар басымдық беріліп отыр.
Осы әдістер экологиялық ережелерге сәйкес жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын қолдауға мүмкіндік береді.
Фото: Petrocouncil.kz
Барлық өндірістік алаңдар, вахталық қалашықтар және басқа да ТШО нысандарындағы қоқыстың атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған арнайы түсті кодталған контейнерлермен жабдықталған. Осыдан кейін қалдықтарды сұрыптау мәдениеті жақсарды.
Фото: Petrocouncil.kz
Мысалы, 2019 жылы 2017 жылмен салыстырғанда пластикалық бөтелкелерді сұрыптау мен беру 11 есеге өсіп, оның салмағы 700 тоннадан асып түскен. Ал картонды қайта өңдеуге өткізу көлемі 8 есеге өсіп, 1 500 тонна картон қайта өңделіп шықты.
Фото: Petrocouncil.kz
Осының арасында қайта өңдеуге келмейтін қалдықтар да бар. Олар арнайы полигондарда көміледі. Теңіз кешеніндегі полигондар – өте күрделі техникалық құрылымдар. Онда қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етпеуі бақыланып отырады. Қалдықтар бірнеше деңгейде жинақталады, ал полигонның биіктігі 20 метрді құрауы мүмкін.