USD
USD
USD

Теңіз кен орнында бес жолаушылар автобусы өртенді

5 наурыз Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушылар автобусы жанып кетті.

Теңіз кен орнында бес жолаушылар автобусы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сағат 19.30-да ССЕР компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірінен өрт шықты. Өрт бірден жақын маңдағы төрт автобусқа жайылды.

Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш дана өрт сөндіру техникасы және 30 адам қатысты, оның ішінде өртке қарсы қызмет жауынгерлері мен компания қызметкерлері бар.

СЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиевтің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де ауыздықталып, жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан бес көлік құралы жанып кетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті