Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Теңіз кен орнына қосымша 8 маман жіберілді

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінің стационарында науқастар санының артуына байланысты қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Теңіз кен орнына қосымша 8 маман жіберілді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Теңіз кен орнындағы  315 орындық инфекциялық стационарда  15 маман жұмыс істеуде.  Бүгінгі күні мұнда  111 науқас ем қабылдауда. Осылайша стационар жүктемесі 35,2 пайызды  құрап отыр.

Соған  сәйкес,  Денсаулық сақтау басқармасы бүгін Теңіз кен орнына қосымша 8 маманды жіберуге шешім қабылдады.  Оның ішінде 2 дәрігер, 2 мейіргер және 4 санитар бар. 

Айта кетейік,  қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді.  Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр.
Қазіргі уақытта Атырау облысы коронавирус індетінің таралуы бойынша сары аймаққа өтті.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы