USD
USD
USD

«Тенгриада» қойылымының тұсаукесері өтті

Ғ. Мүсірепов атындағы театрда үш күн бойы халықаралық жоба «Тенгриада» қойылымының тұсаукесері өтті.

«Тенгриада» қойылымының тұсаукесері өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тенгриада» спектакль-жобасы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және мәдени алмасу жылы аясындағы жүзеге асты. Спектакль халықаралық жоба болғандықтан қойылымда Корея Республикасының актерлары, Республикалық корей театрының әртістері өнер көрсетті.

    Поэтикалық сипаттағы бұл қойылымның тарихы тым тереңнен тамыр тартады. Өйткені қазақ халқында «Тәңірі» деген ұғым болса, бізде Корейлерде бұл «Тангун» деп аталады.  Яғни корей  мен қазақ дүниетанымында өзара байланысты дүниелер баршылық.

Біз бір жыл бойы дайындалып, осы қойылмымды сахнаға шығардық. Жалпы Шығыс халықтарының рухани, дүниетанымдық байланысы, тарихи тамыры бір екені белгілі. Қойылым осы ауқымды саланы қамтыған. Жалпы адамзатқа ортақ ізгілік, адамгершілік адал, шынайы махаббат спектакльдің негізгі түйіні болды, –  деді режиссер Кан Те Сик. 

«Тенгриада» спектаклінде  рухтар мен бақсылардың билері, тайпалардың шайқастары, жекпе-жек көріністері көрермен назарына ұсынылды. Сонау ерте кездегі Көк Тәңірі заманын өзек еткен қойылым аңыз желісі бойынша дайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.