21 Қыркүйек 17:42
...

Tengri Bank лицензиясынан неге айрылды?

Фото:

 ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылуына қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Экономикалық тергеулер қызметі өндірісінде Tengri Bank басшылығына қатысты іс жоқ. Бұл істі басқа органдар тергеп жатыр. Сондықтан ешқандай пікір білдіре алмаймын. Бұл салада ол басқа органдардың құзіретіне кіреді. Іс бас прокуратураның, арнаулы прокурорлардың өндірісінде. Қазіргі уақытта бұл істің қайда жатқаны маған белгісіз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) кепілдік берілген өтемді депозиттегі қалдық сома шегінде, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып төлейді : теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден; теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды (банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Тегтер: