USD
USD
USD

Теңгенің нығаюына не себеп?

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің нығаю себептері мен халықаралық резервтердің неліктен өзгергенін түсіндірді.

Теңгенің нығаюына не себеп?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Молдабекованың сөзінше, сәуірде жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен тұрақсыздыққа қарамастан, теңге 4,6 пайызға дейін нығайды.

"Сәуірде шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай төмендегені байқалды. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа көлемі 179 миллион доллардан 92 миллион долларға дейін төмендеді. Шетел валютасына сұраныстың төмендеуі, ең алдымен, логистикалық тізбектердің тоқтатылуы және жеткізудегі ықтимал үзілістер нәтижесінде импорттың, оның ішінде Ресей импортының төмендеуіне байланысты болды. Сонымен қатар, қазіргі жағдайды ескере келе, Ресей Федерациясының белгілі бір өнім түрлерінің экспортына шектеу шараларын қолдану жағдайында импортты басқа нарықтарға қайта бағыттауға болады, бұл белгілі бір уақытты қажет етеді", - дейді ол. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары сыртқы нарықта тұрақсыздықтың сақталуы нарық қатысушылары белсенділігінің төмендеуіне ықпал ететінін ескертті.

"Жалпы алғанда, нарықтағы сентимент өзгеріп, жеке тұлғалардың тарапынан сұраныс тұрақтанды, бұл да теңгенің бағамына оң әсер етеді. Теңгедегі активтерді қорғау шаралары және Ұлттық банктің мөлшерлемені 14 пайызға дейін көтеруі – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдауға ықпал етеді", - деп қосты ол. 

Сонымен қатар, Молдабекова сәуірде Ұлттық банктың валюталық интервенция жүргізбегенін қосты.

"Ұлттық валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқулары болған жағдайда сату жағынан, сол сияқты сатып алу жағынан Ұлттық банк валюталық интервенция жасамады. Ұлттық банк теңгенің қалыпты құбылмалылығын шектемейді", - дейді ол. 

Ұлттық банк жыл басынан бері ұлттық валютаның әлсіреуі небәрі 0,2%-ды құрағанын жариялады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы