USD
USD
USD

Теңге неге нығайып келеді?

«Наурыздағы теңдесіз ауқымды шоктан кейін теңгенің күшеюіне мұнай бағасының тұрақталуы қолайлы ықпал етушы басты фактор болып қала береді.

Теңге неге нығайып келеді?
Фото: NEGE.kz

(…) Сауда бойынша Қазақстанның әріптес елдерінің нарығындағы тұрақтылық нәтижесінде және мұнай бағасының тұрақталуына байланысты теңге 1 айда 429,41-ден 411,54-ге күшейді», - деп келтіреді ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ұлттық қор жағдайы және теңгенің нығаюы, ішкі валюталық нарықтағы жағдайға түсінік берген орталық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың сөзін.
Оның ақпарынша, мұнай нарығындағы баланстың ақырындап қалпына келуі форнында энерготасымалдағыштар бағасы оң көрсеткіш көрсеткен.
«Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқарту міндеттемелрін орындауға мұнай өндіруші елдерді ынталандыру үшін мұнай өндіруді тағы да тәулігіне 1 млн баррельге қысқарту туралы шешім шығарды. АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны азаюын жалғастырып, 222-ге жетті. Бұл 10 жылдағы рекорд азаю көрсеткіші. Қара алтын котировкасы мамырда 40%-ға артты – барреліне $25,3-тен $35,3 дейін», -деді ол.
Сонымен қатар, ол мамырдағы ұлттық валютаның ахуалына ішкі факторлар ықпал еткенін айтты.
«Біріншіден, бұл ҚР Ұлттық қорынан 2020 жылға берілетін кепілді трансферт көлемінің 2,7 трлн теңгеден 4,77 трлн теңгеге артуы аясында бюджетке трансфертті жүзеге асыру .үшін Ұлттық қордан валюта сатылымын арттыру. Екіншіден, экспортерлердің салық түсімдерін төлеу үшін шетел валютасын сатуы. Мамырдың «салықтық» ай болғанына қарамастан экспортшылардың сату көлемі аздап қысқарған. Үшіншіден, карантинге байланысты көптеген кәсіпорындар әлі де жұмыс істемей тұрғандықтан, ұлттық валютаға сұраныс азайған. Мамырда сауда көлемі бір жылдағы төменгі көрсеткішке дейін жетіп, $1,6 млрд. құрады. Салыстыру үшін сәуірде сауда көлемі $1,72 млрд. болды, ал орта есеппен 2020 жылдың төрт айында $2,4 млрд. құрады», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Сондықтан, Молдабекованың айтуынша, «мамырда Ұлттық банкке интервенция жасауға қажеттілік болған жоқ».

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова