USD
USD
USD

Теңгелік депозиттер артып келеді

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов елдегі 10 айдағы депозиттердің көлемі туралы айтып берді.

Теңгелік депозиттер артып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл 10 айда банк жүйесіндегі депозиттер 15,3 пайызға немесе 2,916 триллион теңгеге өсіп, 21,938 триллион теңгеге жетті, оның ішінде теңгелік салымдар – 20 пайызға немесе 2,160 триллионға, яғни 12,980 триллион теңгеге дейін өсті», – деп хабарлады ол.  

Оның айтуынша, валюталық салымдар қалыпты қарқынмен өсіп жатыр - 9,2 пайызға немесе 756,1 миллиард теңгеге, 2020 жылдың қазан айының соңында 8,957 триллион теңгеге дейін.

«Депозиттерді долларландыру жыл басынан бері 43,1 пайыздан 2020 жылы қазанда 40,8 пайызға дейін төмендеді, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерін долларландыру – 44,8 пайыздан 40,7 пайызға дейін, бөлшек сауда секторы – 41,3 пайыздан 40,9 пайызға дейін төмендеді», – деп түйіндеді Шаймарданов.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті