Теңге құны нығайып келеді
Теңгенің құны біртіндеп нығайып келеді.
Алматы, NEGE. Жыл басынан бергі дағдарыстан ұлттық валютаға қарағанда Ресей рублі анағұрлым көп зардап шекті. Мұны Finprom.kz. хабарлады. Биылғы желтоқсанға дейін ұлттық валютамыз АҚШ-тың бір долларына шаққанда 425,5 теңге деңгейінде болды. Яғни бір айда 1,7% немесе 7 теңге 26 тиынға нығайды. Мөлшерлеме тек нарықтық жағдайға байланысты қалыптасты. «Қараша айында теңге тұрақтала бастады. Бұған сыртқы нарықтағы қолайлы жағдай мен экспортшылардың салық төлемдері әсер еткен.
Оның үстіне өткен айда мұнай бағасы өсті. 30 қарашаға қарай Brent маркалы мұнай бағасы айына 27 процентке дейін ұлғайып, баррелі үшін 47 долардан асты. Мұнай құны коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі жарияланған соң артқан. Сонымен қатар АҚШ-тағы президенттік биліктің ресми түрде ауысуы жекелеген дамушы елдердің валютасын нығайтқан. Қарашада Бразилия реалы 7,2, процентке өсіп, түрік лирасы 6,2 процентке қымбаттады. Ал Оңтүстік Африка рэнді 4,8, Мексика песосы 4,7 процентке нығая түсті. Рубль де қарашада салық төлемдерінің есебінен 3,9 процентке өскен. «Ал теңгеміз Ресей рубліне қарағанда сыртқы факторларға төзімді келеді», – дейді мамандар. Мәселен, жыл басынан бастап 30 қарашаға дейін рубль 23,3, ал теңге 11,1 процентке ғана құлдыраған. Сондықтан қазіргі статистика бойынша ұлттық валютамызға сенім бар. Бұған дәлел: теңгелік депозиттер өскен.