USD
USD
USD

Теңге дағдарыс кезінде рубльге қарағанда аз зардап шекті

Осы айда ұлттық валютаға вакцина туралы жаңалықтар мен ОПЕК+ альянсының шешімдері әсер етеді. Желтоқсан айына дейін ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығайды. Қарашада теңге 1,7%-ға нығайып, қазір бір доллар шамамен 425,5 теңгеге саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Теңге дағдарыс кезінде рубльге қарағанда аз зардап шекті
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы ықпал етті. Теңгенің нығаюына әсіресе мұнай бағасының өсуі түрткі болды. 30 қарашада Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы бір айда 27%-ға артып, 47,59 долларға жетті. Мұнайдың қымбаттауына коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі туралы соңғы мәліметтер ықпал етті. Рубль де оң динамиканы көрсетіп отыр. Қараша айында оның бағамы салық төлемдері мен мұнай бағасының өсуінің арқасында 3,9%-ға нығайды. Кей сарапшылардың пікірінше, рубль динамикасында айтарлықтай өсім болмаған. Теңге рубльге қарағанда дағдарыстан аз зардап шеккен. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 30 қарашасы аралығында рубль 23,3% -ға, ал теңге бар болғаны 11,1%-ға әлсіреген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы