USD
USD
USD

Теңге бағамы әлсірей бастады

 Алайда сарапшылар мұнай бағасына қарап, ұлттық валюта әлі де нығаяды деген болжам жасап отыр.

Теңге бағамы әлсірей бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Теңге бағамы тағы әлсіреп барады. Ресей рублінің долларға шаққанда нығайып, қара алтын құны барреліне 120 доллар болғанына қарамастан, кеше KASE биржасындағы таңғы сауда-саттықта біздің валюта әлсіреп, бір доллар 436 теңге болып басталды. Ал кешкі сауда-саттықта валюта бағамы тағы құбылып, бір доллар 433 теңге төңірегінде тоқтады. Қазақстанда экспорттаушылар бюджетке салық төлейтін салық аптасы осы айдың соңына қарай басталады.

Бірақ Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының ақша айырбастау орындарында теңге бағамы 432-439 аралығында. Сарапшылардың сөзінше, теңгенің әлсіреуіне доллар индексінің өсуі себеп болуы мүмкін. Доллардың басқа әлемдік валюталарға қатысты құнын көрсететін индексте ол 102 деген көрсеткішке жетті. Доллар құны АҚШ мемлекеттік облигациялары бойынша кірістің өсуінен қымбаттаған. Бірақ тұтынушылық инфляция рекордтық деңгейде болғандықтан, АҚШ федералдық резервтік жүйесі ақша-кредит талаптарын қатаңдатуы мүмкін. Нарық қатысушылары осындай болжам жасады дейді @tengenomika. 

Қазір оқып жатыр

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер