USD
USD
USD

Tencent Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадземен бірге Kaspi.kz-ке инвестиция салды

Kaspi.kz бүгін Tencent, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, басқарушы команданың негізгі мүшелері және ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Funds қорынан Kaspi.kz-тің 6 миллионға жуық американдық депозитарлық акциясын сатып алуды аяқтағанын хабарлайды.

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Астана, NEGE. Михаил Ломтадзе былай түсіндіріп өтті:

«Tencent – Қытайдың ірі технологиялық компаниясы, үздік қосымшаның бизнес-моделінің пионері және әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалардың бірі – 1,3 миллиардтан астам адам қолданатын WeChat-тың негізін қалаушы. Tencent-тің Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылуы – біз үшін үлкен мәртебе!

 

Менің жеке инвестициям, басқарушы командамыздың негізгі мүшелерінің инвестицияларымен бірге компаниямыздың бизнес-моделіне және ұзақ мерзімді стратегиясына деген нық сенімді білдіреді.

 

Біз, сондай-ақ, қаржытех саласындағы Spice Expeditions халықаралық инвестициялық компаниясының, АҚШ-тың Washington University және WISIMCO / University of Wisconsin Foundation сияқты университеттік инвестициялық қорларының ұзақ мерзімді акционерлеріміздің қатарына қосылғанын мақтанышпен хабарлаймыз».

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады.

Қазақстанда суперқосымша төлемдер, электронды коммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электронды коммерция платформа – Hepsiburada-ның 86%-ын иеленеді.

Kaspi.kz 2024 жылдың қаңтарынан Nasdaq-та саудаланады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж