USD
USD
USD

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Германия мен Швейцария билігі жергілікті қоқыс контейнерлері мен пайдаланылған киім қабылдау пункттері Temu және Shein сияқты қытайлық маркетплейстердің сапасыз тауарларына толып қалғанын мәлімдеді.

Temu
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Еуропада ультра-жылдам сән (ultra-fast fashion) мәселесі алғаш рет 2025 жылы айтыла бастады. Сол кезде немістің Global 2000 экологиялық ұйымы Temu мен Shein-нен сатып алынатын арзан киімдерге қатысты мәселе көтерген болатын. Қытай маркетплейстерінен алынатын киімдердің сапасы төмен екені, олардың қайта өңдеуге келмейтін маталардан тігілетіні атап өтілді. Әдетте мұндай киімдер бірнеше рет жуғаннан кейін жарамсыз болып қалады, ал оларды комиссиялық дүкендерге өткізу де тиімсіз, себебі тозған синтетикалық киімді ешкім кимейді.

Қазір бұл мәселені тек белсенділер ғана емес, Еуропа елдерінің билігі де талқылай бастады. Германияның қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік министрі Карстен Шнайдер NTV телеарнасына берген сұхбатында ультра-арзан әрі сапасыз киімдердің шамадан тыс көбеюіне ел назарын аудару қажеттігін айтты.

«Бұл заттар пайдасыз. Оны жууға да келмейді. Соның салдарынан үнемі жаңасын сатып алуға тура келеді. Кейбіреулер тіпті шопоголизмге бой алдырып жатыр. Бұл жеткізушілер нарықты жаулап алды. Пайдаланылған киімге арналған контейнерлер осындай қоқысқа толып тұр. Сондықтан қабылдау пункттері банкротқа ұшырап жатыр. Себебі олар мұндай көлемдегі киімді сұрыптай алмайды және қайта өңдеуге жарайтын ештеңе таба алмайды. Қазіргі болжам бойынша, жыл соңына дейін 10 компанияның 7-еуі банкрот болуы мүмкін. Бұл табысы төмен, пайдаланған киімге тәуелді адамдарға зиянын тигізеді. Енді олар ештеңе ала алмайды. Мен осы мәселеге назар аудартқым келеді», – деді ол.

Осы тектес жағдай Швейцарияда да байқалады. Пайдаланылған киімді сұрыптап, қайта өңдейтін компаниялар Temu мен Shein-нен алынған заттарды қабылдаудан бас тартуда. Себебі олардың көбі синтетикалық матадан жасалғандықтан, қайта өңдеуге келмейді, ал киімнің тез тозуына байланысты оларды қайта сату мүмкін емес.

Еуроодақ сапасыз өнімдер ағынын тоқтауға арналған шаралар қабылдай бастады. Биыл 1 шілдеден бастап құны 150 еуродан төмен әрбір сәлемдемеге 3 еуро көлемінде тұрақты салық салынады. Бұған дейін арзан сәлемдемелер Еуроодақ елдеріне кедендік баж салығынсыз кіргізілетін.

Айта кетейік, қазақстандықтар да Temu тауарларының сапасына жиі шағымданады. Сондай-ақ олар Temu-дің пайдаланушыларды импульсивті сатып алуға итермелейтін жарнамасы мен ойынға айналдырылған механизмдерін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік