USD
USD
USD

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

PDD Holdings 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша қаржылық есебін 25 наурызда жариялады. Құжатқа сәйкес, Temu сауда алаңының табысы төмендеп, сарапшылардың болжамына жетпеген.

Temu
Фото: Temu

Астана, NEGE. 2025 жылдың төртінші тоқсанында Temu 24,5 млрд юань, яғни шамамен 1,7 трлн теңге табыс тапқан. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен.

«Сауда саясаты, салық салу, деректерді өңдеу талаптары, өнімдердің стандарттарға сәйкестігі және басқа да реттеуші нормалар әр ел мен өңірде елеулі өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл өз кезегінде айтарлықтай қиындықтар мен белгісіздік туғызады», – деді компанияның тең бас директоры Чэнь Лэй.

Қытайлық маркетплейстің тым жылдам кеңеюі мен төмен баға саясаты әлемнің көптеген елінде алаңдаушылық тудырған. Америка, Еуропа және Азиядағы бірқатар өндірушілер Temu әділ бәсеке қағидаларына сай келмейді және жергілікті бизнесті ығыстырып жатыр деп есептейді.

Сондай ақ, Түркияда Temu кеңселерінде тінту жүргізілген. Оның нақты себебі жарияланбады. Ұқсас тексерулер Ирландияда да өткен. Онда компания Қытайдан «заңсыз субсидия алды» деген күдікке ілініпті. Ал Нигерияда маркетплейске қатысты тергеу жүріп жатыр. Платформаға «жеке деректерді пайдалану және сақтау талаптарын бұзды» деп айып тағылуда.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев шетелдік маркетплейстердің Қазақстанда отандық компанияларға қарағанда тиімді жағдайда жұмыс істеп отырғанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, қазақстандық маркетплейстер мен интернет-компаниялар барлық салық пен әлеуметтік төлемдерді толық төлейді, жұмыс орындарын ашып, экономиканың дамуына үлес қосады. Ал шетелдік платформалар көбіне тек «Google салығымен» шектеледі.

Депутаттың пікірінше, бұл жеткіліксіз. Сондықтан қазақстандық және шетелдік маркетплейстер үшін тең жағдай жасау қажет.

Қазір оқып жатыр

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Шавкат Рахмоновтың жұбайы

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Керемет

Құрылтайды кім басқарады?

Мәжіліс

Перизат Қайраттың Mercedes-і сатылымға шығарылды

Перизат Қайрат