USD
USD
USD

Теміржол күзетінің басшылары сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа, оның орынбасары А. Мұқатаеваға және менеджер Р. Сидиковқа қатысты үкім шығарды.

Теміржол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Антистресс

Қазақстанда сүт безі обыры диагнозымен 150-ге жуық ер адам тіркеуде тұр

Науқас пен дәрігер