Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Теміртауда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Теміртауда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қарасты дүкендердің бірінің сатушысына шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 60 жастағы сатушы тәртіп сақшыларына сағат 13:00 шамасында дүкенге белгісіз біреу кіріп, кенеттен қалтасынан пышақ алып шығып, азық-түлікпен ішімдік заттарын талап еткенін айтты.

Кейін ол қолына іліккен заттарды алып, оқиға орынынан ізін жасырған.

Сатушы полиция қызметкерлеріне күдіктінің 35-40 шамасында екенін айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. 

Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді, айғақ заттар тәркіленді. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат