Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Теміртауда 5 млн теңгенің балық өнімдерін ұрлаған күдікті анықталды

Теміртауда 5 млн теңгенің балық өнімдерін ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматшаның балық өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер екені белгілі болды.

Түнгі уақытта белгісіз біреулер өнім сақталған контейнердің есігін бұзып, ішінен уылдырық, ас шаяндарын және балық ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңге.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Айғақ заттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат