USD
USD
USD

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жантүршігерлік оқиға 7 қазанда Теміртау қаласында болды. Қаладағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Полиция көлігі
Фото: polisia.kz

Астана, NEGE. Қарағанды облыстық полиция қызметі бұл факт бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген», – деп хабарлады ведомство.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес полиция өкілдері қылмыстың мән-жайын ашып айтқан жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқырғаны үшін сотталды

Сот балғасы