USD
USD
USD

Темірлан Анарбековтің сейві үздік ондыққа енді

UEFA-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қақпашылардың үздік он сейвінің тізімі жарияланды. Үздік сейв жасаған қақпашылар қатарында «Қайрат» ойыншысы Темірлан Анарбековтің де есімі аталды.

"Қайрат"
Фото: instagram./anarbekov_temirlan77

Астана, NEGE. Мамандар Анарбековтің Данияның «Копенгаген» клубына қарсы кездесудегі сейвін жоғары бағалаған. Сол сәтте ол  қарсыластың қақпа бұрышына бағыттаған күшті соққысына тойтарыс берген еді.

Бұл тізімде «Спортинг» ойыншысы Руи Силваның «Ювентусқа» қарсы матчта жасаған сейві көш бастап тұр. Одан кейін «Арсенал» ойыншысы Давид Райяның «Олимпиакосқа» қарсы ойындағы, сондай-ақ «Тоттенхэм» ойыншысы Гильермо Викарионың «Монакоға» қарсы кездесудегі сейвтері үздік үштікке енген.

Айта кетейік, 22 жастағы Темірлан Анарбеков УЕФА-ның ресми рейтингі бойынша Чемпиондар лигасының алты матчында 36 сейв жасаған.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды