USD
USD
USD

Темірлан Анарбековке жаңа көлік тарту етілді

Қазақ футболының тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына себепші "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке елімізде сусын шығаратын танымал компания өкілі су жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.  Бұл туралы Instagram-да жарияланған видеодан мәлім болды.

Анарбеков
Фото: astanatv.kz

Алматы, NEGE. "Ассалаумағалейкум, барша қазақ халқына! Көріп жатырмын, естіп жатырмын. Барлықтарыңызға алғысым шексіз! Нәтиже менің емес, бүкіл клубтың, бүкіл Қазақстанның көмегі деп ойлаймын. Сіздер де жанкүйер болсаңыздар, біз өзімізді одан да жақсы көрсетеміз бұйырса", – деді Темірлан Анарбеков.

Айта кетсек, Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түсті. Ол кезде қақпашы "Селтиктің" пенальти сериясында үш доптың бетін қайтарды.  Алайда 14 қыркүйекте "Ақтөбемен" болған ойында, яғни Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі алдында Темірлан жағын сындырып алды. Сөйтіп оның орнына "Спортинг" пен "Реалға" қарсы ойындарда алматылық қақпаны 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғады.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан