USD
USD
USD

Теміржолшылар Наурыз мейрамын атап өтіп жатыр

«Қазақстан темір жолы» қызметкерлері Наурыз мейрамына орай Ұлы даланың дәстүрі мен салтын паш ететін іс-шараларды жыл сайын өз күшімен ұйымдастырып келеді, деп хабарлады

Теміржолшылар Наурыз мейрамын атап өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

 ҚТЖ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Биыл ҚТЖ ұжымы Наурыз бағдарламасын көшпенділердің Жеті қазынасына арнаған.

«Теміржолшылар Астанада этноауыл ұйымдастырып, жеті киіз үй тікті.

Киіз үйлердің бірінде бүркіт және сұңқармен қыста аңға шығу ерекшеліктері туралы айтылды. Бүркітшілер дәстүр бойынша аңға тазы ертіп, аңға шығады.

Ал көрші киіз үйде батырлардың бес түрлі қаруы назарға ұсынылды.

Этноауыл қонақтары үшін әр отбасының киелі дәстүрі саналатын – бесікке салу және тұсаукесер рәсімдері көрсетілді», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, теміржолшылар салт-дәстүрді сақтап, жас ұрпаққа насихаттауды парыз деп біледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе