USD
USD
USD

Теміржол вокзалындағы қоғамдық сағат жөндеуден өтті

Шымкент қаласының теміржол вокзалындағы қоғамдық сағат жөндеуден өтті.

Теміржол вокзалындағы қоғамдық сағат жөндеуден өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда сағат механизмін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Сағат беті қаланың логотипінің бейнесіне ауыстырылды. Қоғамдық сағат соңғы рет 2012 жылы жөндеуден өткен болатын.

Аталған сағат – қаладағы жалғыз қоғамдық «бигбэн». Шымкентке пойызбен келген жолаушы вокзалдан шыққан кезде гүлденген айналма жолдың ортасынан қаланың маңызды элементін көреді. Бұл төрт бағытқа қараған сағат қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын айшықтайды.

Бағанның түбінде әр жағынан жануарлар орналасқан. Ол әлемнің төрт бағытың көрсетеді: жылқы солтүстікке, түйе оңтүстікке, балық шығысқа және тауық батысқа қарайды.

Қала көркін айшықтап тұрған нысанды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты назарда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек