USD
USD
USD

Теміржол көпірін су шайып кетті

Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады. 

Теміржол көпірін су шайып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жасанды су өткізу құрылымдары толық режимде жұмыс істеді, бірақ теміржол көпірінің тірек негіздері су көлемінің ауқымы мен қысымы салдарынан шайылып кетті.

Қазір жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. Оқиға орнына қажетті материалдар (шпалдар, рельстер, қиыршық тас, кесек тас) жеткізілді. Жұмысты 16 тамыз күні таңертеңгісін аяқтау жоспарлануда.

Осыған байланысты мына бағыттар:

- №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты;

- №78 Маңғыстау - Алматы-2 қатынасымен;

- №42 Атырау-Алматы-2 қатынасымен;

- №23 Алматы - 1 бағыты-Ақтөбе;

– № 29 Алматы -2-Атырау бағыты;

- №33 «Алматы-2 – Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ