USD
USD
USD

Теміржол бөлшектерін қолды қылатындар артып барады

Жыл басынан бері "Қазақстан темір жолы" магистральдық желісінде жолдың жоғарғы құрылымының бөлшектері, атап айтқанда, түйіспелі төсемдер, болттар және тағы басқа құрылғылар 44 мәрте ұрланған екен.

Теміржол бөлшектерін қолды қылатындар артып барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мұндай заң бұзушылықтар жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне, стратегиялық объектілердің бұзылуына себеп болып, жолаушылар мен жүктерге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Теміржол инфрақұрылымы элементтерін ұрлаудың ең көп саны Алматы, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл өңірлерінде тіркелген.

"Алматы жол дистанциясы аумағында теміржолдың жоғарғы құрылымы элементтерін ұрлау жиілеп кетті. Тек соңғы бір жарым айда түнгі уақытта 72 астам жол төсемі мен 200 түйіспе болт ұрланған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін біз желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргіземіз", - дейді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбиев.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.