USD
USD
USD

Теміржол апатынан 9 адам қаза тапты

Бейсенбі күні Үндістанның шығысында қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. 
Теміржол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Салдарынан 9 адам мерт болып, кем дегенде 45 адам жарақат алды, соның ішінде 10 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлайды.
 
Бейсенбі күні Үндістан шығысындағы Батыс Бенгалия штатының Майнагури қаласында Гувахати-Биканер бағдарымен жүріп келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. Қазіргі кезде апат себептері анықталуда.

Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілуде. Вагондардың ішінде тағы басқа зардап шеккендер бар екені жоққа шығарылмайды.

Батыс Бенгалия билігі пойыз апатынан қаза болғандардың отбасыларына 500 мың үнді рупиясы (6,7 мың АҚШ доллары), ал жарақат алғандарға 100 мың рупиядан (1,3 мың доллар) өтемақы төленетіні туралы мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық