USD
USD
USD

Теміртауда жалғыз жүрген бала табылды

Өткен түнде Теміртауда 7-шағынауданда көшеде жалғыз жүрген бала табылды. Ол шамамен 3 жаста.

Теміртауда жалғыз жүрген бала табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бала жергілікті Полиция бөліміне жеткізілген. Ол сөйлемейді. Қазір полицейлер оның ата-анасын іздеп жатыр.

"3 жасар қыз түнде Теміртауда 7-шағынаудандағы көшеде табылды. Ол сөйлемейді, сондықтан оның аты-жөні белгісіз. Қазір бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Оның туыстарын іздейміз. Бірақ әзірге баланың жоғалғаны туралы арыз түскен жоқ", - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан оның ата-анасы туралы мәлімет білсе, 102 және 87021456535 нөмірі бойынша немесе жақын маңдағы Полиция бөліміне хабарласуын сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді