USD
USD
USD

Теміртауда тұрғынның сыртынан несие алған алаяқ ұсталды

Теміртауда тұрғынның сыртынан несие алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Теміртауда тұрғынның сыртынан несие алған алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz


 

Қарағанды, NEGE. 3 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ер адам микрокредиттік ұйымдардың бірінде белгісіз біреудің оған несие рәсімдегенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 105 мың теңгені құрады. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

13 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе