Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

 Теміртауда төтенше оқиға: екі адам ауруханаға жеткізілді

Зардап шеккендердің бірінің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Екінші адамда бұл көрсеткіш 25 пайыз. 

 Теміртауда төтенше оқиға: екі адам ауруханаға жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Теміртауда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында ішінде бояу бар ыдыс жарылды. Екі қызметкер ауруханаға жеткізілді. 

«АрселорМиттал Теміртау» хабарлауынша, 11 наурызда цехте балқытып біріктіру жұмысы жүріп жатқан. Сол кезде жалын шықты. Темір ұстасы мен жөндеуші алшақ кетіп үлгермеді. Кәсіпорында жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Боран болғандықтан Қарағандыға жіберілген жоқ. Білікті дәрігерлер Теміртауға барды.

«1971 жылы туған пациентте: дененің 25%-інің күю, III А, Б дәрежесі. Екінші адамның денесінің 90 процентін күйік шалған, III Б, IV дәрежесі. Бұл ауыр, терең күйік. Теміртау орталық ауруханасына реаниматолог, комбустиолог және күйікті емдеумен айналысатын мамандардан құралған арнайы бригада жіберілді», – деді  Х. Мақажанов клиникасының травматологы Ерік Шонбаев.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті оқианың себебіне алдын ала болжам жасады. Отпен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы мүмкін. Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бас мемлекеттік инспектор өкімімен комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі