USD
USD
USD

Теміртауда өзімен бірге шолақ мылтық алып жүрген азамат ұсталды

27 ақпан күні Қарағанды облыстық ПД ҰҚҚК басқармасымен ҚАЖД қызметкерлерінің бірлескен “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Теміртауда өзімен бірге шолақ мылтық алып жүрген азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шара барысында сөмкесінде 16 калибрлі аңшы мылтығынан жасалған шолақ қаруы бар 24 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат Қарағанды қаласында тұратынын, Теміртауға танысына келгенін айтты. Сондай-ақ ол қолындағы қаруды тауып алғанын түсіндірген.

Сонымен қатар 24 жастағы азамат полиция қызметкерлеріне тауып алған қаруды полицияға тапсырмақшы болдым деп сендіргісі келді.

ҚР ҚК 287-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler