Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Теміртау экологиясына мониторинг жасалды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртауда табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға қоғамдық бақылауды күшейтуге уәде берді.

Теміртау экологиясына мониторинг жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ведомство басшысы металлургтер қаласының экобелсенділерімен кездесті. Оның назарына металлургия және химия өндірістеріндегі экологиялық жобалар ұсынылды.

«Бүгін Қарағанды облысының әкімімен «АрселорМиттал Теміртау» және «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» кәсіпорындарына бардық. Теміртауда ауадағы зиянды заттар концентрациясының артқаны баршаға белгілі. Бұл ретте «АрселорМиттал Теміртау» ғана жылына шамамен 250 мың тонна шығарындылар көлемін жасайды. Өткен жылы біз компанияның жаңа басшылығымен шығарындылар көлемін міндетті түрде азайтуды қамтитын меморандумға қол қойдық. Компания шығарындылар деңгейін төмендету, өндірісті қайта жабдықтау, газға көшу, оның ішінде ЖЭО және басқа да қуаттар бойынша бағдарламаға инвестиция салуға дайын», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты