USD
USD
USD

Темірхан Жалғасұлы жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары болып Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы тағайындалды.

Темірхан Жалғасұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Темірхан Меңдіғалиев 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу автомобиль-жол институтын "инженер", "инженер-механик" мамандықтары бойынша бітірген.

Темірхан Меңдіғалиев Орал зауытында еңбек жолын бастаған, кейін Орал "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасында жауапты қызметтер атқарған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап "жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев