USD
USD
USD

Темекі үшін погонынан айрылды

Павлодар облысында блокбекетте жүргізушіден ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері погондарын шешуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сондай-ақ, одан қызметтік куәлікті тапсыру талап етілгені айтылады.

Темекі үшін погонынан айрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция департаментінің өкілдері әріптесінің әлі атақтан айырылмағанын айтты. Бұл шешімді сот қабылдайды дейді.

Еске салайық, мұның алдында Желіде Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицейдің видеосы тараған еді. Видео кадрларынан полиция қызметкерінің Германиядан Семейге келе жатқан жүк көлігі жүргізушісінен темекіге ақша қалдырып кетуін сұрағаны көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu