USD
USD
USD

Темекі сұрап, 30 мың теңгесін ұрлап кетті

Ертіс ауданы полиция бөліміне ауыл тұрғынынан оның үйінен 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражат ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Темекі сұрап, 30 мың теңгесін ұрлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ауданның жедел уәкілдері оқиға орнын қарап, үй иелері мен қонақтары сұрастырып, күдіктіні анықтады. Ол Ертіс ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. – Жауап алу барысында ер адам сол күні таныстарына темекі сұрау үшін барғанын түсіндірді. Қожайындар қонақтарды алаңдатып жатқанда, ол ақшаны көріп, қалтасына салып кеткен, – деді полицейлер. Ол өзінің әрекетін ақшаға мұқтаж екендігін, өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін алғанын айтқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ертіс ауданының полициясы ескертеді: өз мүлкіңізге қырағы болыңыз, ақшалай қаражат пен бағалы заттарды көрнекті жерде қалдырмаңыз. Егер сіз заңсыз әрекеттің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға “102” немесе 2-11-02 телефонына хабарлаңыз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай