USD
USD
USD

Теле-радиохабар тарату уақытша жұмыс істемейді

Телерадиохабар

Теле-радиохабар тарату уақытша жұмыс істемейді
Фото: NEGE.kz

тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ ресми сайты.

Алматы, NEGE. «19 қараша сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфир желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады» деп ескертеді компания. «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асады.

Қазір оқып жатыр

Германиямен ғылыми-технологиялық ынтымақтастық Қазақстан экономикасына қандай мүмкіндік береді?

Анель Киреева

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова