USD
USD
USD

Telegram Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Telegram мессенджері Павел Дуровтың Францияда ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Telegram Павел Дуров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Онда әлеуметтік желінің ЕО заңдарына сәйкес келетіні, ал модерация принциптері салалық стандарттарға сәйкес екені айтылған.

«Telegram ЕО заңдарына, соның ішінде Сандық қызметтер туралы заңға сәйкес келеді – оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram бас директоры Павел Дуровтың жасыратын ештеңесі жоқ. Платформа немесе оның иесі аталмыш платформадағы теріс әрекеттерге жауапты деп айту әбестік. Әлем бойынша миллиардқа жуық пайдаланушы Telegram-ды байланыс құралы және маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады», - делінген Telegram командасының мәлімдемесінде.

Естеріңізде болса, 24 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждің Ле Бурже әуежайында ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші