USD
USD
USD

Телефонды сұрап алып, қашып кетті

Қарағандыда белгісіз біреу тұрғынның телефонын хабарласып алуға сұрап, телефонды алып, қашып кетті.

Телефонды сұрап алып, қашып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне Бұқар-Жырау ауданының 43 жастағы тұрғынан хабарлама түсті. Азамат Қарағанды қаласындағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінде оған белгісіз азамат келіп, өзінің ұялы телефонының қуаты өшіп қалғанын айтып, жәбірленушіден біреуге хабарласып алуға ұялы телефонын сұрап алған. Кейін белгісіз азамат біреумен сөйлескен сыңай танытып, жәбірленушінің ұялы телефонын алып қашып кеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы Қарқаралының тұрғынын анықтады. 1 қыркүйек күні ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұялы телефон иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны