USD
USD
USD

Телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған ақмолалық анықталды

Телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған ақмолалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған ақмолалық анықталды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE.  21 қазанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 55 жастағы тұрғынының 18 қазанда белгісіз тұлға ұялы телефон қосымшасы арқылы 39,5 мың теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Өтініш беруші ағымдағы жылдың қазан айының ортасында банктің қосымшасы орнатылған ұялы телефонын жоғалтқанын айтты. Әйел картадан ақша алғысы келгенде, онда ақша жоқ екенін білді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол өз ісін мойындаған 26 жастағы бұрын сотталмаған қала тұрғыны болып шықты. Ол жәбірленушінің телефонын үйіне бара жатқан таксиде тауып алған. Осы сәтті пайдаланып, қаскүнем өзінің дос қызының шотына қосымша арқылы ақша аударды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.
 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік